Сессия құрылыс, көлік және өнеркәсіп сияқты экономиканың үш негізгі саласындағы коммуникация мамандарын біріктіреді. Негізгі мақсат — министрлік пен оған қарасты ұйымдар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру.
Қатысушылар қоғамға және БАҚ-қа ақпаратты үйлесімді әрі бірізді жеткізу, ақпараттық кеңістікте қарама-қайшы хабарламаларға жол бермеу, күнделікті жұмыс процестерін сапалы ақпараттық себепке айналдыру, сондай-ақ қоғаммен және БАҚ-пен сенімге негізделген байланыс орнату мәселелерін талқылайды.
Жеке блоктар салалық сарапшыларды ілгерілетуге және ақпараттық шабуылдарға жауап беру алгоритмдерін пысықтауға арналады.
Сессия соңында министрлік, ведомствоға қарасты ұйымдар, салалық компаниялар коммуникация мамандары және медиа өкілдері арасында тікелей нетворкинг орнатылады.
Модератор:-
Меруерт Талғатқызы Ибраева — ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Коммуникациялар департаментінің директоры.
Спикерлер:- Айнұр Коскина — журналист. Баяндама тақырыбы: «Креативті штурм: жаңалыққа арқау болатын тақырыптарды қалай табуға болады»;
- Әсел Серікбаева — ҚР Энергетика министрлігінің өкілі, министрдің кеңесшісі. Баяндама тақырыбы: «Коммуникациядағы жүйелілік: ішкі жүйені қалай құрып, алдын ала әрекет етуге болады»;
- Ақсұлу Санғали — TANBA коммуникациялық агенттігінің жетекшісі. Баяндама тақырыбы: Speed dating / жедел нетворкинг.