АСТАНА. 2026 жылдың 5-7 мамыр аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығында көлік және құрылыс техникасы саласындағы ең ірі халықаралық шаралар – Comtrux Astana және Eurasian Construction Technology Astana (ECT) көрмелері өтеді.
Биылғы көрме маусымы халықаралық капиталдың Қазақстан нарығына деген жоғары қызығушылығын көрсетіп отыр. Қазіргі таңда 130-дан астам компания көрмеге қатысатынын растады. Көрменің басты жаңалығы Comtrux Astana брендінің іске қосылуы. Қазақстан әлемде бірінші болып бұл халықаралық жобаны Messe Frankfurt лицензиясымен бастайды. ECT Astana құрылыс техникасы көрмесімен бірлесе отырып, бұл жоба бизнес қажеттіліктерін толықтай өтейді: ауыр техника сатып алудан бастап, автопаркті басқарудың цифрлық жүйелерін енгізуге дейінгі мәселелер қамтылады.
Көрмелердің халықаралық ауқымын айқындайтын маңызды ерекшеліктің бірі — Өзбекстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының өндірушілері ұсынылатын екі ұлттық павильон.
Қазіргі таңда Астанадағы көрмелер жай ғана техника көрсетілімі емес, «жедел экономика» құралына айналды. Бұл бірнеше күн ішінде алғашқы байланыстан нақты келісімшартқа дейін жетуге болатын бірегей нетворкинг алаңы. Өндірушілердің бір жерге шоғырлануы қазақстандық кәсіпкерлерге шетелге шықпай-ақ, жеткізушілерге аудит жүргізуге және баға мониторингін жасауға мүмкіндік береді.
Шараның іскерлік бағдарламасы саланың жүйелі мәселелерін шешуге бағытталған. Салалық министрліктер мен қауымдастықтардың қатысуымен техниканы жаңарту үшін жеңілдетілген лизинг мәселелері және кадр тапшылығымен күрес жолдары талқыланады. Мұндай пікірталастарға қатысу бизнеске мемлекеттік шешімдер қабылданғанға дейін өз ұсыныстарын жеткізуге мүмкіндік береді.
Шараның ұйымдастырушысы — Business Media Central Asia (BMCA) — көрме индустриясының әлемдік көшбасшысы Messe Frankfurt компаниясының ресми өкілі.
Сонымен қатар, маусым айында елордада 10-шы мерейтойлық Automechanika Astana халықаралық көрмесін өткізу жоспарлануда. Бұл өңірдегі автокөліктерге техникалық қызмет көрсету саласындағы ең ірі шара болып табылады және жылдың басты индустриялық кездесулерін қорытындылайды.
Comtrux Astana мен ECT көрмелеріне қатысушылар тізімі және іскерлік бағдарламаның толық нұсқасы comtrux.kz және interconexpo.kz ресми сайттарында жарияланған.
Comtrux Astana 2026 көрмесіне тегін билет алу сілтемесі
Eurasian Construction Technology Astana көрмесіне тегін билет алу сілтемесі