Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық серіктестік жаңа деңгейге көтерілуде. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Германия Елшісі Хайке Пайчтың жақында өткен кездесуінде халықаралық көлік бағыттары мен өнеркәсіптік кооперацияны дамыту басты тақырыпқа айналды.
Бизнес пен логистикалық қоғамдастық үшін екі ел арасындағы ынтымақтастықтың іргетасы берік:мемлекеттер арасындағы тауар айналымы $4,5 млрд-қа жетті (өткен жылы 13,4%-ға өсті), ал 2005 жылдан бері салынған неміс инвестицияларының жалпы көлемі $8 млрд-тан асты. Елімізде неміс капиталының қатысуымен 1100-ден астам компания, соның ішінде Knauf, CLAAS, HORSCH және Heidelberg Materials сияқты ірі кәсіпорындар табысты жұмыс істеп жатыр. Бұл сапалы жеткізілім шынжырларына тұрақты әрі өсіп келе жатқан сұранысты қалыптастырады.
Кездесуде логистикалық шынжырларды диверсификациялауға ерекше назар аударылды. Серік Жұманғарин атап өткендей, Орталық Азияның көліктік байланысының болашағы көбіне жаңа бағыттарды, соның ішінде оңтүстік бағдарларды дамытуға байланысты. Тараптардың назарында Ауғанстан арқылы Пакистан бағытына қарай теміржол құрылысының жобасы бар, бұл бойынша бұған дейін Қазақстан, Өзбекстан және БАӘ өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын.
Өз кезегінде неміс дипломатиялық миссиясы Германия мен Еуропалық Одақ Орталық Азияны еуропалық және азиялық нарықтарды тоғыстыратын стратегилық хаб ретінде қарастыратынын растады. Сонымен бірге ынтымақтастық келешегі тек теміржол тасымалын ғана емес, цифрлық коммуникациялар мен энергетикалық инфрақұрылымды дамытуды да қамтиды.
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайты

COMTRUX Astana 2027 — коммерциялық көлік нарығын дамытуға арналған алаң
Қазақстан мен Германия арасындағы сауда байланыстарының дамуы коммерциялық көлік саласына жаңа мүмкіндіктер ашуда. Бұл бағыттар COMTRUX Astana 2027 көрмесінің негізгі тақырыптарымен үндеседі.
COMTRUX Astana 2027 көрмесі коммерциялық көлік, жүк және арнайы техника, қосалқы бөлшектер, жабдықтар мен сервистік шешімдер өндірушілері мен жеткізушілерін, сондай-ақ көлік және логистика компанияларының өкілдерін біріктіреді.
Көрме BAUTRUX Astana және AEREX Astana халықаралық көрмелерімен, сондай-ақ SCALEX Astana форумымен қатар өтіп, сабақтас салалардың өкілдерін бір алаңға жинайды.
Көрмеге қатысу жаңа әзірлемелерді таныстыруға, әлеуетті серіктестер табуға және Қазақстан мен шет елдердің көлік және коммерциялық сектор өкілдерімен іскерлік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.
Күні: 2027 жылғы 9–11 маусым
Өтетін орны: EXPO халықаралық көрме орталығы, Астана, Қазақстан.