Бүгін Астанадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында екі ірі халықаралық салалық көрменің — Comtrux Astana 2026 және Eurasian Construction Technology Astana 2026 көрмелерінің ресми ашылу салтанаты өтті.
Қазақстан Messe Frankfurt лицензиясы бойынша коммерциялық және арнайы көлікке, логистикаға және салалық шешімдерге арналған жаңа халықаралық жобаны алғаш іске қосқан ел болды.
Қазақстан Messe Frankfurt лицензиясы бойынша коммерциялық және арнайы көлікке, логистикаға және салалық шешімдерге арналған жаңа халықаралық жобаны алғаш іске қосқан ел болды.
Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Сауда және интеграция министрлігінің, Энергетика министрлігінің, Туризм және спорт министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтар мен одақтардың, сондай-ақ өңірдегі ірі өндірістік компаниялардың өкілдері қатысты.
Көрменің халықаралық мәртебесін және шетелдік мемлекеттердің Қазақстанға деген қызығушылығын Германия, Өзбекстан, Португалия, Беларусь, Эстония, Украина, Түркия, Сербия, Канада, Үндістан, Қырғызстан және Словакия елдері елшіліктері өкілдерінің қатысуы айқындай түсті.

Көрмелер бір алаңда 147-ден астам компанияны біріктірді. Олардың қатарында коммерциялық көлік, тіркеме техника, жол-құрылыс және арнайы техника, автопаркті басқаруға арналған цифрлық шешімдер, телематика, «нөлдік шығарындылар» технологиялары және логистикалық сервистер саласындағы жетекші өндірушілер бар.
Сонымен қатар экспозицияда Қытай мен Өзбекстанның екі ұлттық павильоны ұсынылған. Бұл Орталық Азияның Еуразиялық көлік тізбегіне және Транскаспий бағытына интеграциясы күшейіп келе жатқан қазіргі кезеңде ерекше маңызға ие.
Көлік тақырыбымен қатар, алаңда құрылыс техникасы мен жабдықтарына арналған Eurasian Construction Technology Astana 2026 (ECT) көрмесі де өтіп жатыр. Мақсатты аудитория сұраныстарының жақындығы бизнеске қажетті шешімдерді кешенді түрде қарастыруға мүмкіндік береді — ауыр самосвалдарды сатып алудан бастап автопаркті басқарудың цифрлық жүйелерін енгізуге дейін.

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев құттықтау сөзінде:
«Логистика — Мемлекет басшысы айқындаған басты басымдықтардың бірі. Еуропа, Азия, ТМД және Парсы шығанағы бағыттарының тоғысында орналасқан Қазақстан транзиттік әлеуетін нақты нәтижелерге айналдыруда. Comtrux Astana және Eurasian Construction Technologies — мемлекет, бизнес және технологиялар тоғысатын, сондай-ақ елдің көлік саласының ұзақ мерзімді күн тәртібі қалыптасатын маңызды алаң», — деп атап өтті.
Сондай-ақ, Messe Frankfurt вице-президенті Майкл Йоханнес өз сөзінде:
«Бүгін халықаралық Messe Frankfurt алаңы Comtrux жаңа брендімен көрмені іске қосып отыр. Біз Қазақстанды саналы түрде таңдадық, Орта дәліз Еуропа мен Германия үшін жоғары деңгейдегі стратегиялық басымдыққа айналды, ал Қазақстан оның дәл ортасында орналасқан. Қазақстан континенттік маңызы бар транзиттік-логистикалық хаб мәртебесін сенімді түрде нығайтып келеді. Messe Frankfurt үшін осы жолдың бір бөлігі болу және Үкіметпен, саламен және халықаралық серіктестермен иық тіресе жұмыс істеу», — деді.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков көрмелердің сала дамуы үшін стратегиялық маңызына тоқталды.
«Инфрақұрылымды дамыту, жаңа өндірістерді іске қосу және ірі жобаларды жүзеге асыру заманауи техникаға, тиімді логистикаға және орнықты жеткізу қызметтеріне тікелей байланысты. Comtrux Astana мен Eurasian Construction Technology Astana алаңдарында аталған салалардың өкілдері бас қосып, өзара пікір алмасып, ортақ мәселелерді талқылайды. Бұл өз кезегінде ынтымақтастықты кеңейтуге, келісімшарттар жасауға және жаңа нарықтарға жол ашуға мүмкіндік береді», – деді Олжас Сапарбеков.
Business Media Central Asia директоры Ануар Малик өз кезегінде:
«Бұл жетістіктің артында серіктестеріміздің, бейінді министрліктердің, шетелдік делегациялардың және он елден келген 147-ден астам компанияның бірлескен үлкен еңбегі тұр. Бүгінде Қазақстан жай ғана нарық емес, бүкіл Орталық Азия үшін технологиялар, инвестициялар және шешімдер тоғысатын толыққанды іскерлік алаң. Ұйымдастырушы ретінде біздің міндетіміз - көрменің әр күні нақты келісімшарттарға, инвестицияларға және серіктестіктерге айналуын қамтамасыз ету», — деп атап өтті.
Көрмелердің іскерлік бағдарламасы саланың негізгі сын-қатерлеріне бағытталған. Бейінді министрліктер және салалық қауымдастықтармен бірлесіп қатысушылар жеңілдетілген лизинг, автопаркті жаңарту, өндірісті локализациялау, логистиканы цифрландыру, кадр тапшылығын еңсеру, көлік-логистикалық дәліздерді дамыту және Орталық Азия нарықтарын интеграциялау мәселелерін талқылайды.
Жекелеген сессиялар логистикада жасанды интеллектіні қолдануға, зарядтау және сервистік инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ салалық кадрларды даярлау тәсілдеріне арналады. Бағдарлама аясында панельдік пікір алмасулар, компания презентациялары, B2B-кездесулер, экспозиция бойынша тақырыптық турлар және келісімдерге қол қою рәсімдері жоспарланған.