2025 жылғы 20 қазаннан бастап Қазақстанда жеке тұлғаларға жүк көліктері мен автобустарды әкелуге тыйым салынады
Импорт ережелеріндегі өзгерістер Қазақстанның коммерциялық көлік нарығына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. 2025 жылғы 20 қазаннан бастап жүк көліктері мен автобустарды елге тек заңды тұлғалар – тасымалдау, логистика және автосауда саласында қызмет ететін компаниялар ғана әкеле алады. Бұл ресми дилерлер, дистрибьюторлар және өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Аталған компаниялар Comtrux Astana көрмесінде ұсынылады.
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) шешіміне сәйкес, жеке тұлғаларға электрондық көлік паспорты (ЭКП) рәсімдеуге, утилизация алымын төлеуге және жүк көліктері мен автобустарды тіркеуге тыйым салынады.
Құжатта «жеке қажеттіліктер үшін жеке тұлғалар әкелетін дара көлік құралдары» ұғымы нақтыланды. ЕЭК және одаққа мүше мемлекеттер «жеке қажеттіліктер» ұғымы кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмауы тиіс деген келісімге келіп, Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне тиісті өзгерістер енгізді.
Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Әділбек Бектібаевтың айтуынша, 2025 жылғы 20 қазаннан бастап жеке тұлғалар тек келесі көлік санаттарын әкеле алады:
• жеңіл автокөліктер (медициналық мақсаттағы арнайы көліктерден басқа);
• квадроциклдер, қарда жүргіштер, жолға арналмаған өзге де көліктер;
• мотоциклдер, мопедтер, мотороллерлер;
• сыйымдылығы 12 адамнан аспайтын жолаушылар көліктері және толық массасы 5 тоннаға дейінгі жүк көліктері.
Осылайша, жеке тұлғалар бекітілген тізімге кірмеген көлік құралдарына СБКТС пен ЭКП алу, утилизация алымын төлеу және тіркеу мүмкіндігінен айырылады. Коммерциялық көлікті – автобустар мен жүк көліктерін – тек компаниялар ғана импорттай алады.
Еске сала кетейік, 2024 жылғы 1 желбден бастап жеке тұлғаларға жылына бір рет жаңа немесе қолданыста болған бір автокөлікті жеке пайдалану үшін, коммерциялық мақсатта қолдану құқығынсыз әкелуге рұқсат берілген болатын.
Сарапшылар пікірі: нарықтағы ықтимал өзгерістер
Сарапшылардың пікірінше, импорт ережелерінің қатаюы Қазақстан нарығындағы ресми дилерлер мен өндірушілер ұсынатын жаңа жүк көліктері мен автобустарға сұранысты арттыруы мүмкін. Компаниялар үшін бұл Еуразиялық экономикалық одақ талаптарына сай техниканы сату көлемін арттырып, серіктестік желіні кеңейтуге мүмкіндік береді.
Осы тұрғыда Comtrux Astana көрмесі өндірушілер, жеткізушілер және көлік қызметтерін ұсынушылар арасындағы тікелей іскерлік байланыстарды орнатудың маңызды алаңына айналып отыр. Көрме аясында компаниялар сертификатталған техниканы таныстырып, жергіліктендіру мәселелерін талқылап және жаңа нормативтік жағдайларға бейімделу тәжірибесімен бөлісе алады.