Алматы облысында бүгін «Ұзынағаш – Отар» автожолының 42 шақырымдық жаңа тасжолы ресми түрде пайдалануға берілді. Бұл оқиға магистралдың толық реконструкциясын аяқтап, Алматы мен Шымкент арасындағы бағытты толыққанды төрт жолақты жолмен байланыстырды.
Салтанатты ашылу рәсімі
Ашылу шарасына ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров, Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев және өңірдің ақсақалдары қатысты. Рәсім барысында қозғалысты іске қосатын батырма басылып, жаңа тасжолмен алғашқы болып 15 автокөліктен тұратын автоколонна өтті.
«Биыл біз ел бойынша 13 мың шақырым жолды жөндеу және реконструкциямен қамту арқылы рекордты көрсеткішке қол жеткіздік. Бұл – Мемлекет басшысының қолдауы мен жол саласының қызметкерлерінің күнделікті табанды еңбегінің нәтижесі. Олар азаматтарға қауіпсіз әрі жайлы бағыттар ұсынып, өңірлердің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуда», – деді іс-шара барысында Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.
Жол салушылардың еңбегі бағаланды
Іс-шара аясында жобаны жүзеге асыруға елеулі үлес қосқан мамандар марапатталды. Оларға ведомстволық медальдер, Алғыс хаттар және Көлік министрлігінің Құрмет грамоталары табысталды.
Жобаның жүзеге асуы
«Ұзынағаш – Отар» тасжолындағы негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары өткен жылы басталып, небәрі екі жыл ішінде аяқталды. Жобаға 290 маман, 163 техника бірлігі жұмылдырылып, екі асфальтбетон зауыты мен төрт жол-құрылыс басқармасы жұмыс істеді.
Жаңа жол — жаңа мүмкіндіктер
42 шақырымдық тасжолдың ашылуымен Алматы–Шымкент бағыты толық төрт жолақты магистральға айналды. Бұл жолдың өткізу қабілетін арттырып, сапар уақытын қысқартады, жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсартады, өңірлер арасындағы көліктік байланысты күшейтеді. Сонымен қатар, жаңа магистраль Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық ынтымақтастықтың дамуына да оң әсер етеді.

Дереккөз: gov.kz